Есіл өзені жағасынан жоғалған ер адамның денесі судан табылды

Петропавлда Есіл өзенінің жағасынан жоғалған 44 жастағы ер адамның денесін құтқарушылар судан алып шықты, деп хабарлайды Хабар 24 ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 12.00-де жедел іздестіру отряды - 5 құтқарушы бір техника және бір жүзу құралымен іздеу операциясын бастады. Бір сағат шамасында 1976 жылы туған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Мамандардың айтуынша, ер адамның үстінде сыртқы киімі болған.

Петропавлда белгісіз жағдайда Есіл өзенінің жағасынан жоғалған 44 жастағы ер адамды алдымен полицейлер мен волонтерлер іздеп, кейін іздеу шараларына құтқарушылар қосылған.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, істің-мән жайы анықталып жатыр.