Елордада бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

Астанада бір күнде екі бала үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Хабар 24 ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20 шілде күні полицияға көптеген жарақат алған 2 жасар сәбидің қалалық балалар ауруханасына түскені туралы хабар келген.

Күндізгі уақытта баланың анасы қызын үйде жалғыз тастап, дүкенге шығып кеткені анықталды. Ашық қалған терезенің алдына тырмысып шыққан бала москит торына тіреліп, содан кейін 4 қабаттың терезесінен құлап кеткен. Дәл сол күні 1-қабаттың балконынан 4 жасар бала құлап кеткен. Абырой болғанда, бала ауыр жарақаттар алмаған. Пәтерде бүлдіршін үлкендермен бірге болған. Оның ата-анасы ас үйде тамақ ішіп жатқанда, бала келесі бөлмеде ойнап отырған.

Полицияда атап өткендей, жыл басынан бері елордада көп қабатты үйлердің терезесінен 13 бала құлап кеткен, біреуі көз жұмған.