Алматыда алапат өрт шықты

Алматыда жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратында алапат өрт шықты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматы ТЖД мәліметінше, өрт Наурызбай ауданы Райымбек көшесі 548/2 мекенжайы бойынша жұмыс істемейтін ТЖО ғимаратында шыққан. Өрт туралы хабарлама 11:33-те түсті. Оқиға орнына келген бөлімшелер 220 шаршы метр аумақта ғимараттың шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт шыққан жерде штаб құрылып, батыс және оңтүстік-шығыс жағынан екі өрт сөндіру учаскесі құрылды.

Өртті сөндіру су көздері қашықта болғандықтан қиындай түскен. Суды қосу үшін өрт сөндіру автопойызы іске қосылып, магистраль желілер тартылды.

«Өртті сөндіру көп қабатты шатырдың құрылымдық ерекшеліктерімен күрделене түсті: бетон плитасының үстіне битум мастика төселген, оның үстіндегі ағашқа металл шифер орнатылған. Өртсөндірушілер шатырды авариялық-құтқару құралдарымен ашып, екі автосаты іске қосылды», - деді Алматы ТЖД өкілі.

Өрт бір сағатқа жуық уақытта оқшауланып, сағат 12:47-де жойылды. Өртсөндірушілер көрші екі нысанның жануына жол бермеді. Өртті сөндіруге 40 адам мен 12 көлік жұмылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.