424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды

  • 54
  • UPD: 16:48, 21.07.2021
Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды фото: zakon.kz

Ыстықкөл облысында жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандық қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Sputnik Қырғызстан» бұл ата-анасының өтініші болғанын атап өтеді.

Қыз 15 шілдеде жоғалып кетті.

«Оның бес туысы өзен арқылы өтетін көпірден Қаракөл-Алакөл жайлауына өтіп, отын алуға кетеді, бірақ ол екінші жағалауда қалады. Қыздың Қазақстан азаматтығы бар, бірақ отбасы Ресейден келген», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қыздың туысқандары іздеу жұмысын тоқтатып, елге оралуды шешкен.

«Іздеу жұмыстарын тоқтату туралы өтініш жоғалып кеткен адамның ата-анасынан түскен. Қыздың туысқандары біздің құтқарушылар сияқты жоғалып кеткен адамды тірідей табу іс жүзінде мүмкін еместігін іштей жақсы түсінеді. Қыз орманда адасып кетті деген үміт болды, бірақ ол ақталмады», - деп нақтылады құтқарушылар.

Іздеуге 100-ден астам полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері қатысты. Олар 20 шақырымнан астам аумақты тексерді.

Хабар 24 телеарнасы