Ақтауда жол апатынан жас жігіт қаза болды

Ақтауда жол апатынан жас жігіт ажал құшты. Ол оқиға орнында көз жұмған.

Бұл туралы inaktau.kz Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Ауруханаға қыз бала және 2002 жылғы жігіттің мәйіті әкелінді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қыз амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Жол апаты 20 шілдеде Ақтаудағы жетінші ықшам ауданда болған. «Lada Largus» автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай «Toyota Prado»-мен соқтығысқан. Содан кейін «Lada Largus» жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан «Toyota Prado» көлігі аударылып қалды.