БҚО-да дауыл тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келтірді

Желдің екпіні секундына 26 метрге дейін жеткен.

Дауылдың артынан нөсер селдеткен. Мичурин ауылында қос қабатты үй мен балабақшаның шатыры ұшып кетті. Қарақұдық ауылында 2 жеке баспана мен мәдениет үйінің төбесі қирады. Әйтеуір адамдар зардап шекпеген. Қазір күн райы тұрақталып, күн ашылды.

Арман Тоқанов, БҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Шығын көлемін арнайы комиссия анықтайды. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдар кіреді және ТЖД-ның өкілдері болады.

Сондай-ақ...