Алматы облысында аса ірі көлемде пара алған басшы қамауға алынды

Алматы облысында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігерлік ұйым басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мемлекеттік сатып алу бойынша байқаудың жеңімпазын анықтауда және мемлекеттік бағдарлама есебінен салынған нысанды қабылдағанда заң бұзған. Яғни 666 млн теңгенің шарты бойынша атқарылатын жұмыстың 15%-ін қалтаға баспақ болған. Талап еткен 90 млн теңгенің бір бөлігін, атап айтқанда, 33 500 долларын алды деген айып тағылып отыр.