Елордада ломбард тонаған ұры қолға түсті

Ол кассада отырған келіншекті ойыншық тапаншамен қорқытып, 200 мың теңгені алып кеткен.

Бірақ тәртіп сақшылары сол маңдағы бейнебақылау камерасына жазылған жазбаларды зерттей келе, ұрыны көп ұзамай қолға түсірді. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.