Елордада өрт оқиғалары 52% артты

Жыл басынан бергі көрсеткіш осындай.

Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Өткен 6 айда 443 өрт дерегі тіркелген. Былтыр бұл көрсеткіш екі есе төмен болатын. Осы өрттің салдарынан 7 адам опат болып, 11-і жарақат алған.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар көбіне жеке тұрғын үйлерде болады. Осы орайда департамент мамандары қала тұрғындарына ескерту жасап, тамыз айында қауіпсіздікті тексеру рейдтері басталатынын хабарлап отыр.

Құмар Рымбеков, Байқоңыр ауданы төтенше жағдайлар басқармасының инженері:

- Өрт жағдайларын болдырмау үшін төтенше жағдайлар департаменті ескертеді. Үйіндегі электр сымдарын нақтылап, қарау керек. Күн суытпас бұрын пештерді тексеріп алған жөн. Алдымен отынды аз-аздан салу қажет. Өйткені ол шыдамай өрт шығу қаупі бар.