Таразда автокөлік қаққан велосипедші қайтыс болды

Тараз қаласында автокөлік қағып кеткен велосипедші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 шілдеде сағат 21:40-та Тараз қаласындағы Төле би мен Ұлбике ақын көшелерінің қиылысында «Mercedes-Benz CLS 350» автокөлігінің жүргізушісі жолдың бойымен келе жатқан велосипедшіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Даңқов Жанібек ҚР қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жариялануға жатпайтындығын жеткізді.