Таразда Mercedes жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

Таразда Mercedes жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті.

Велосипедші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.

20 шілдеде сағат 21:40-та Төле би және Ұлбике ақын көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz CLS 350 маркалы автокөлігінің жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті. 

Аталған дерекке қатысты бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жария етуге жатпайды.