Үндістанда ғимарат құлап, жеті адам мерт болды

Үндістанның Махараштра штатының астанасы Мумбайда ғимарат құлады.

Салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тауып, үш адам жараланды, деп хабарлады ANI.

«Мумбайдың Гованди ауданында ғимараттың құлауы салдарынан жеті адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды», - деді тәртіп сақшылары.

Бұған дейін Үндістанның метеорологиялық бюросы Мумбайда қатты жаңбырға байланысты қызыл ескерту деңгейін жариялаған болатын.

Сондай-ақ...