БҚО-да комбайншыны тоқ соғып көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында комбайн механизаторы жиын-терім кезінде көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай Достық ауылынан 4 шақырым жерде болған. Бидай орып жүрген ауыр техниканың газ шығаратын бөлшегі электр сымына тиіп кетіпті. Салдарынан рөлдегі жас жігітті тоқ соғып, ол сол жерде жан тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм қожалық жетекшісінің ұлы екен.

Лунара Аманғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:

- 1995 жылғы комбайн жүргізушісі жұмыс барысында жоғары вольтты сымға соқтығысып, электр тоғынан қатты соққы алған. 26 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сараптама тағайындалды.