Жас жігітті бопсалап келген атыраулық ару ұсталды

Кәмелеттік жасқа енді толған бозбала өзінен үш жас үлкен қызынан әлемжеттік көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атыраулық ару шымкенттік жігітті сұраған ақшасын бермесе, зорлады деп айыптаймын деген. Ол алдымен 2 млн теңге алыпты. Кейін тағы 1,5 млн теңге талап еткен. Тығырыққа тірелген жігіт тәртіп сақшыларына шағымданады. Оның айтуынша, жүріп жүрген қызымен жақсы қатынаста болған, тіпті әке-шешесімен таныстырып үлгеріпті. Атырау облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен жарты млн теңге ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде оның деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.