425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлда сүт таситын жүк көлігі көлік бақылау бекетіне соғылды

  • 119
  • UPD: 13:32, 23.07.2021
Петропавлда сүт таситын жүк көлігі көлік бақылау бекетіне соғылды

Сүт таситын жүк көлігі Петропавлдың Челябі – Новосібір тас жолындағы бақылау бекетінің ғимаратына соғылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол апаты бүгін таңғы 06:00 шамасында болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, көлікті Мағжан Жұмабаев ауданының 64 жастағы тұрғыны басқарған. Жол апатына ұшыраған сәтте жүргізушінің сау болғанын да айта кеткен жөн. Қазір оның үстінен әкімшілік кодекстің 610-бабы, 1-тармағы, яғни жол-көлік ережесін бұзу салдарынан материалдық зардап келтіру бойынша іс қозғалған.

Хабар 24 телеарнасы