Елордада есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Елордалық полицейлер есірткі тасымалдаған топты құрықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы операция барысында 46 және 39 жас аралығындағы наша сатушылар ұсталған. Бұрын сотты болған екеуінен жалпы салмағы 4 келідей есірткі зат тәркіленді. Қазір қос оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Олардың есірткі заттарын қайда тасымалдамақ болғаны анықталып жатыр.