Оралда «Газель» маркалы екі көлік соқтығысып қалды

Олардың біреуі қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын кәсіпорынға тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Құрманғазы мен Некрасов көшелерінің қиылысында болды. Апат салдарынан 51 жастағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.