425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті

  • 215
Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Құрманғазы ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Құрманғазы ауылында 22 шілдеде сағат 16:40-та екі қабатты дұкеннің өртенгені туралы хабар түсті. Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Дүкеннің 800 шаршы метр аумағын шарпыған өрт сағат 18:10-да сөндірілді», – делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы