425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

  • 199
  • UPD: 15:25, 24.07.2021

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында көрші елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Айтуларынша, Тәжікстан тұрғындары екінші тараппен алдын ала ақылдаспай Баткен облысында аймақты  тазалау жұмыстарын жүргізе бастаған. Қырғыз жағының жұмыстарды тоқтату туралы талабы орындалмаған. Жанжал соңы бір-біріне тас атқылауға ұласқан. Артынша екі елдің шекарашылары оқ атқан. Абырой болғанда, қос тараптан қаза тапқандар жоқ.

Қазір өңірде екі елдің жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен құқық қорғаушылардың қатысуымен кездесу өтіп жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы