Оқиға орнында көз жұмды: алматылық бағдаршам бағанына соқтығысқан

Алматыда Саин – Шаляпин көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты тіркелді.

1999 жылғы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24» zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Toyota Corolla Саин көшесімен солтүстік бағыт бойынша жүріп келе жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік Шаляпин көшесіне жақындағанда бұрылып үлгермей қалып, бағдаршам бағанына соқтығысқан.

Қатты соққыдан көлік ұшып кеткен.

Куәгерлер жүргізушіге көмектеспек болған, алайда ол дәрігерлер келіп жеткенге дейін жан тәсілім етті.

Көлікте қысылып қалған жігіттің денесін қаланың құтқару қызметі алып шықты.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.