Павлодар облысында 3 адам суға кетті

Павлодар облысында 2021 жылғы 24-25 шілде аралығында демалыс күндері 3 адам суға батып кетті.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, бірінші оқиға 24 шілдеде болған.

Павлодар ауданы Сычевка ауылында 23-00 сағат шамасында Ертіс өзенінде 2004 жылы туған жас жігіт қайықпен аударылып кеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

2021 жылғы 25 шілдеде сағат 13-00-де Екібастұз қаласында, қаладан 20 км. Қ.Сәтпаев атындағы каналда куәгер судан 2015 жылы туған баланың денесін алып шықты. Ол суға шомылуға тыйым салынған жерде суға шомылу кезінде батып кеткен.

Сол күні сағат 15-20-да Павлодар ауданында, Павлодар қаласынан 3 км. жерден, теплое течение жерде 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті. Жедел-құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Департаменттің күшімен тұрақты профилактикалық іс-шараларға қарамастан, азаматтар құтқарушылардың ескертулерін елемейді.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті тыйым салынған жерлерде шомылмауды және кәмелетке толмаған балаларды бақылауды сұрайды.