424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Семейде 14 жастағы жеткіншек Ертіс өзеніне батып кетті

  • 234
  • UPD: 23:55, 25.07.2021
Семейде 14 жастағы жеткіншек Ертіс өзеніне батып кетті inform.kz

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 14 жасар жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Хабар 24 ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ертіс өзенінің жағасында күнделікті құтқарушылар қайықпен және жаяу патруль жүргізіп отыр. Рейдке әскерилерде белсенді атсалысып келеді. 24 шілдеде кезекті алдын алу шарасына 40 адам қатысты және тұрғындар арасында суға түсу ережелері бойынша нұсқаулық жүргізді.

«Қаладағы қауіпсіз және жабдықталған жағажайлар жоқтығына қарамастан, тұрғындар рұқсат етілмеген «Заря» жағажай ауданында демалуда. 2007 жылы туған Бесқарағай ауданынан демалуға келген баланы ағыс ағызып әкетіп бара жатқанын көрген куәгерлер сол сәтте құтқарушыларға хабар берді», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жеткіншекті іздеуге кіріскен. Сүңгуірлер суға түсті, жағалаудан іздестіру жұмысы ұйымдастырылды, бірақ еш нәтиже бермеді.

25 шілдеде баланың денесін іздеу шараларына қатысқан жақын туыстары тауып алды. Ол суға кеткен орнынан 11 шақырым жерден табылды. Төтенше жағдайлар қызметі жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы