Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды

26 шілдеге қараған түні Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлады zakon.kz.

Audi A6 автокөлігі Абай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Айманов көшесімен қиылыста жолай өтіп бара жатқан көлікпен соқтығысқан. Содан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Абай-Әуезов қиылысына жеткенде Audi тағы Toyota Corolla көлігін қағады. Қатты соққыдан Corolla ұшып, алдындағы Mercedes Benz 190 көлігін соққан.

Бір жағына қырындай айналған Mercedes өзінің алдындағы Toyota Yaris-ті соғады. Ал ол жол бойында тұрған Ford Focus-қа соғылады. Бұл уақытта Audi да олардың қатарына келіп, Ford Focus-қа сүйкене тоқтайды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes көлігінде болған такси жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды.

Оқиға орнына келген медициналық топ зардап шеккендерді тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Такси жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың айтуынша, Audi жүргізушісінен тұрақты алкоголь иісі шыққан. Жол полициясы қызметкерлері оны тексеруге апарды, онда алкоголь мен есірткілік масаңдығы дәлелденді. Audi жүргізушісі ұсталды.