Елімізде биылғы шомылу маусымында 224 адам суға кетіп көз жұмған

Еліміз бойынша осы жылы шомылу маусымында 224 адам суға кетіп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көз жұмғандардың 68-і бала. Тек осы демалыс күндерінің өзінде 14 адам үшін суға түсу қайғылы жағдаймен аяқталды. Мамандардың айтуынша, демалушылар судағы қауіпсіздікті, қарапайым ережерелерді сақтамайды. Әсіресе, балаларды су жағасында қараусыз қалдыратын ата-аналар бар. «Балық аулағанда да ережеге бағынбайтындар көп», дейді.