Ұлытауда 4000 га аумақта өрт сөндіріліп жатыр

Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында дала өртін сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, демалыс күндері Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында дала өрті тіркелген еді. Тілсіз жау 142 гектар аумақты шарпыған. Қазір өрт сөндірушілер Ұлытау ауданындағы шамамен 4 мың гектарды құрайтын аумақта өртті сөндіруге бар күшін салып жатыр. Ұзын саны 229 адам мен 66 техника іске тартылды.