Павлодарда зейнеткерді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Павлодарда зейнеткерді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды.

Жол апаты 25 шілдеде болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, ВАЗ 21115 жүргізушісі Ермаков көшесіндегі тұрақта артқа қарай жүрген кезде 71 жастағы әйелді қағып кеткен.

«Ер адам жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынған, ал зардап шегуші дәрігерлерге жүгінген. Тексеруден кейін әйел үйге жіберілді», - деді департаментте.

Оқиға орнынан қашып кеткен облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны болып шықты. Полицейлер көлікті айып тұрағына жіберіп, сараптама тағайындады. Жүргізуші ҚР Әкімшілік кодексінің 611-бабының екінші бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Тәртіп бұзушыға 50 АЕК (145 850 теңге) айыппұл салынады немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Қандай жаза тағайындалатыны сотта шешіледі.