425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бұқтырма су қоймасына шомылған келіншек суға батып кетті

  • 151
  • UPD: 16:13, 26.07.2021
Бұқтырма су қоймасына шомылған келіншек суға батып кетті kazinform.kz

Бұқтырма су қоймасының жағасында тыйым салынған жерде шомылған келіншек суға батып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда демалатындар үшін сүйікті орын – Бұқтырма су қоймасы. Облыстық ТЖД мәліметінше, Көкпекті ауданында қауіпсіздік шараларына сәйкес су жанында демалуға тек демалыс базаларында ғана рұқсат етілген. Алайда тұрғындар оқшау жерлерде, «жабайы» жағажайларда уақыт өткізуді жөн көреді. Құтқарушылар мұндай жерлерде су түбінің ландшафтын білмеу қауіпі бар екенін атап өтті.

«Кейбір учаскеде су түбі көрінбейді. Су ағыны жағаны шайып, топырағын ағызып әкетеді, яғни бір жыл бұрын тізеден аспайтын жер қазіргі уақытта терең болып шығуы мүмкін. Демалу үшін осындай қауіпті учаскені таңдау тағы бір қайғылы жағдайға себепші болды.​ Кеше Новостройка ауылында Бұқтырма су қоймасының жағасында тыйым салынған жерде шомылған 37 жастағы келіншек суға батып кетті», - делінген хабарламада.

Облыстық ТЖД тұрғындарға рұқсат етілмеген су қоймаларына бармауға кеңес береді.

«Тек жабдықталған шомылу орындарын таңдау керек, онда су айдынының түбі алдын ала тексерілген және құтқарушылар бекеті бар. Суда демалуды таңдағанда сақ болыңыз. Балаларды қараусыз қалдырмау. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керек», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы