Ұлытаудағы дала өртінің аумағы 6 гектарға жетті

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дала тағы өртеніп жатыр. Қатты желден күш алған қызыл жалын бой берер емес.

Қазір өрттің аумағы 6 мың гектарға жетті. Отпен күреске 174 адам мен 39 техника жұмылдырылған.

Айта кету керек, бұған дейін де осы аумақта 40 мың гектар алқап жанып кеткен болатын. Сол жолы мамандар «шөпке жай түскен» деп мәлімдеген еді.

Нұрайым Кенжехан, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Ауа райының күрт ысуынан, жел күшіне байланысты 4 мың гектардан 6 мың гектарға дейін көбейіп келе жатыр. Дәл қазір елді мекендерге қауіп жоқ.

Сондай-ақ...