425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Семейде университет кітапханасының ғимараты өртенді

  • 134
  • UPD: 09:16, 27.07.2021
Семейде университет кітапханасының ғимараты өртенді ШҚО ТЖД

Семейдегі жоғары оқу орындарының бірінің кітапханасынан өрт шықты, деп хабарлады Tengrinews.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 1987 жылы салынған үш қабатты ғимарат өртенген. Оқиға орнына 50 өртсөндіруші мен 14 техника жұмылды. Өртсөндірушілер жұмыс барысында өрт ошағы кітапхана ғимаратынан шыққанын анықтады.

Өртсөндірушілер газ-түтіннен қорғау қызметінің төрт буынында жұмыс істеді. Сағат 8:05-ке қарай 150 шаршы метр алаңды шарпыған өрт жойылды.

Өрттің шығу себебі ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасында анықталады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде ғимаратта ешкім болмаған.

Хабар 24 телеарнасы