Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында көз жұмды

Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің  19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған.

- Жігіт су құбырларын тартып жатқан, - дейді  ведомствода. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.