Семейде жеті көлік соқтығысты

Семейде жеті көлік соқтығысты.

Жол апаты кешкі сағат 18:30 шамасында Тұрлыханов көшесінде болды, деп хабарлады Устинка LIVE.

«Toyota көлігінің 47 жастағы жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, 58 жастағы жүргізуші басқарып отырған сондай маркалы басқа көлікке соғылды. Содан кейін бірінші Toyota тағы «ВАЗ» және Lada көліктерімен, сондай-ақ FOTON көлігімен соқтығысқан», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар, полицияның хабарлауынша, жапондық көлік Mercedes-Benz пен тағы бір Toyota көлігін соққан. Апаттың ауқымына қарамастан, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. 47 жастағы Toyota жүргізушісіне қатысты жол ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.