Бурабайда өрт шықты

Әлеуметтік желіде Бурабайдағы өрттің видеосы тарады.

ТЖД мәліметінше, ауылшаруашылық құрылыстарынан өрт шыққан, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 шілдеде сағат 14:40-та Бурабай кентінде өртсөндіруші-құтқарушыларға шаруашылық құрылыстары өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт шыққан жерге дереу Бурабай ауданының өртсөндірушілері жіберілді. Өртсөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт ауыздықталып, тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді», - деді ТЖД өкілі.

Өрт сағат 15:35-те жойылған. Өрт шыққан жалпы аумақ 80 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының құтқарушылары өңір тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ...