Қарағанды облысында өкпесі 60% қабынған әйел өмірге дені сау сәбиді әкелді

Қарағандыда өкпесінің 60%-і зақымданған келіншек аман-есен босанып, бүгін перзентханадан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оның екінші баласы. Ирина Миронова жүктілігі 8 айдан асқанда ковид жұқтырған екен. Құрсағында сәбиі бар ананың дерті жылдам асқынып, аз уақытта өкпесі қабынған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп кеткен. Көпшілігі босанбай тұрып жазылған. Ал өмірге келген сәбилердің арасында вирус жұқтырғандар жоқ.

Ирина Мирнова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым қиындады. Дәрігерлер жедел кеңесіп, кесір тілігін жасайтын болып шешті. Себебі маған ауа жетпесе, шарана да тұншығып қалатын еді. Абзал жандардың арқасында аман қалдық. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Қиын күндер артта қалды.