Нұр-Сұлтанда саябақта жүгіріп жүрген 17 жастағы қызды тонап кетті

Нұр-Сұлтанда қарақшылар жүгіріп жүрген 17 жастағы қызды тонап кетті. Сөмке мен ұялы телефонды ала қашқан ұрыны тәртіп сақшылары дереу қолға түсірді.

Ақмола облысының 42 жастағы тұрғыны ізін суытып үлгіре алмады. Енді оған 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.