Шымкентте қаруды заңсыз сақтағандар анықталды

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Абай ауданының аумағында тіркелген 193 қару иесі тексерілген. Тәртіп сақшылары 6 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олар қаруды тіркеу және сақтау ережелерін бұзған. Сонымен қатар қаруды заңсыз сақтаған 2 дерек тіркелді.

Айта кетейік, «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы 20 тамызға дейін жалғасады. 

Павлодарда карантин талаптарын бұзғандар ұсталды. Мониторингтік топ шаһардағы рестобардың түнде жасырын жұмыс істегенін анықтаған. Тексеру кезінде  ғимаратта 40 адам болыпты. Оның біреуі кәмелет жасына толмаған. Енді кәсіп иесіне айыппұл салынады. 

Түркістан облысында құрылыс материалдарын ұрлағандар ұсталды. Түркістандық тұрғын жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылыс материалдарын сатып алып, ауласына қойған. Мұны байқаған ұрылар ұрымтал сәтті пайдаланып, құрылыс заттарын қолды қылыпты. 100 мыңге теңге көлемінде шығын келтірген үш ұры ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.