Павлодарда көлік бағанға соғылып, аударылып қалды

Павлодарда көлік бағанға соғылып, аударылып қалды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші «Мерседес» маркалы автокөлігімен Жібек жолы көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай қалған.

«Салдарынан бетон бағанға соғылып, аударылды. Бұған қоса, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі. Жүргізуші іздестірілуде», - деп жазылған хабарламада.