Каспий теңізінің айдынында қалып қойған екі жігіт құтқарылды

Қазақстандық танкер экипажы Каспий теңізінде 2 адамды құтқарды. Кеше кешқұрым яхтамен серуен кезінде су көлігінің қозғалтқышы істен шыққан.

Осы аралықта күшті толқын қайықты жағалаудан 10 шақырым қашыққа алып кеткен. Бағына орай, жолдан мұнай тасымалдаушы кеме кезігіпті. Танкер капитаны төтенше жағдайлар департаментіне рациямен хабарласып, сол жерде құтқарушыларды күткен. 30 бен 34 жастағы жігіттер дін аман жағаға шығарылды.

Мұрат Мұханов, облыстық ТЖД басшысы:

- Теңізден шығарылған ер адамдарға дәрігерлік көмек қажет болмады. Құтқару операциясына 2 маман және 1 қайық жұмылдырылды. Ал бұзылған яхта жағалауға жеткізілді.

Сондай-ақ...