Павлодарда көлік ұрлап, жол апатын жасаған күдікті ұсталды

Павлодарда көлік ұрлап, жол апатын жасаған күдікті ұсталды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 30 жастағы ер адамның «Mercedes 280» көлігін түнде Павлов көшесіндегі үйдің жанындағы тұрақтан мініп кеткенін анықтады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Еске сала кетейік, 28 шілде күні Жібек жолы мен Циолковский көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Рөлге ие бола алмаған жүргізуші бетон бағанға соғылып, бағанды құлатқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 жастағы жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта ер адам анықталып, ұсталды. Көлік айып тұрағына қойылды», - деді облыстық полиция департаментінде.

Айдап әкету фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 345-бабы «ЖКО фактісі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірінші бап бойынша екі млн теңгеге дейін айыппұл, түзеу жұмыстары немесе шектеу, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.