425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 бала суға кетті

  • 138
  • UPD: 15:06, 29.07.2021
Елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 бала суға кетті фото: aqparaq.kz

Бүгінге дейін еліміз бойынша биылғы шомылу маусымы басталғалы 233 адам суға кетіп қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көз жұмғандардың 70-і бала. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты. Оның айтуынша, жалпы Қазақстанда арнайы рұқсат берілген 550-ден астам суға шомылатын орын бар. Ал, суға кеткендердің көбі қауіпті жағада шомылғандар. Сондай-ақ демалушылар судағы қауіпсіздікті, қарапайым ережелерді сақтамайды. Әсіресе, балаларды су жағасында қараусыз қалдыратын ата-аналар бар. «Балық аулағанда да ережеге бағынбайтындар көп», - дейді.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы:

- Су айдындарында орын алып жатқан қайғылы оқиғаларға не себеп болғанын айту арқылы алдын алуды түсіндіргіміз келеді. Егер сіз суға түсетін болсаңыз, өзіңіз жүзе аласыз ба, соны міндетті түрде білулеріңіз керек. Балаларды қараусыз қалдырып жатқаннан болған нәрсе. Оңтүстікте арықтарды балалар ойын алаңына айналдырған. Сондықтан жардан құлап кету жағдайлары көп.

Хабар 24 телеарнасы