425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Самара – Шымкент автожолында көлік бір адамды қағып кетті

  • 203
  • UPD: 10:17, 30.07.2021
Самара – Шымкент автожолында көлік бір адамды қағып кетті

Самара – Шымкент автожолында Opel Omega жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

29 шілдеде сағат 05:05-те Қобда аудандық ПБ кезекші бөліміне Самара – Шымкент автожолының 542 шақырымында Қобда ауданы Қиыл кентінің маңында жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Opel Omega автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Самара – Шымкент тасжолымен Батыс Қазақстан облысынан Қобда ауылы бағытында келе жатып, 42 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды.

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы