Қостанайда жүк көлігімен соқтығысқан «ВАЗ» жүргізушісі көз жұмды

Қостанайда жүк көлігімен соқтығысқан «ВАЗ» жүргізушісі көз жұмды.

Жол апаты 29 шілде күні сағат 21:30-да Қостанайға кіре беріс жолда болды, деп хабарлады alau.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный – Қостанай тасжолында 43 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігін басқара алмай, жол жиегінде тоқтап тұрған 27 жастағы жүргізушінің «JAC N944» жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша тергеу басталды.