Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты мәлімет шықты.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 35-бабының 1-бөлігі 11-тармағының негізінде тоқтатылды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
«Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты жас балалардың анасының өзі жасағандығы анықталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құралды алып, есікті ашқан.
Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген.
Ерлі-зайыптылар бірге тұрған, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған.