424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада мұнай және газ қалдығының жануынан үш адамды күйік шалды

  • 178
  • UPD: 20:51, 31.07.2021
Қызылордада мұнай және газ қалдығының жануынан үш адамды күйік шалды

Қызылорда облысында мұнай және газ қалдықтары жануы салдарынан үш адамды күйік шалды, деп хабарлайды Хабар 24 Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының бойында орналасқан «Кеңлік» кен орнындағы «Смарт Ойл» ЖШС тиесілі аумақта бүгін, 31 тамызда сағат түнгі 01.15-те болған.

«Бұл жөніндегі хабар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне 02.50-де келіп түсті. Өрт толығымен жойылды. Оқыс оқиғадан 1963 жылғы бір және 1997 жылғы екі адам түрлі термиялық күйікпен облыстық ауруханаға жатқызылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Хабар 24 телеарнасы