Шығыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп кетті

1 тамызда Семей-Көкентау тас жолында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Semey News.

2012 жылы шығарылған «Шансиман» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінде өрт болып, алдыңғы дөңгелегіне және көлік кабинасына тараған. Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Алдын ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына жоғары қауіптегі қондырғылармен ұқыпсыз жұмыс істеу себеп болған.

Дәл осындай себептермен 2 тамызда Күршім ауылында 2011 жылы шығарылған УАЗ көлігі өртенді. Өрт сөндірушілермен 10 шаршы метр алаңдағы от құрықталды.

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстанда 104 көлік өрті тіркелген.

Сондай-ақ...