Павлодарда жылу трассасында өрт шықты (видео)

Павлодарда жылу трассасында өрт шықты.

ТЖД мәліметінше, шығын келтірілмеген. Материал номенклатуралық іске жіберілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Өрт 2 тамыз күні таңертең №1 өрт сөндіру бөлімінен екі шақырым жерде Мир және Торайғыров көшелерінің қиылысында болды.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде өрт 30 метр жылу трассасын, 50 шаршы метр құрғақ шөп пен қоқысты шарпып үлгерген.

«Тілсіз жау сағат 11:45-те ауыздықталып, 11:59-да сөндірілді. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеті қызметкері мен екі техника шықты», - деп хабарлады ТЖД.