Қарағандыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде бесінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен 4 жасар бала құлап кетті.

Сәби түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

1 тамыз күні сағат 23:40-та Қарағандыда көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2017 жылы туған бала құлап түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді.

«Балада біраз жарақат бар – жабық кеуде жарақаты, оң жақ өкпенің көгеруі. Екі аяғы бірнеше жерден жарақаттанған. Иек аймағының көгерген жарасы. Іштің жарақаты. Жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.