Павлодар облысында оқушы мен студент суға батып кетті

Павлодар облысында оқушы мен студент суға кетті.

Екі қайғылы жағдай да Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«2 шілде күні сағат 15:00-де Ақсу ауылдық аймағының Еңбек ауылы маңындағы Белая өзенінде шомылу кезінде колледждің 22 жастағы студенті суға батып кетті. Денесі табылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сол күні сағат 21:45-те Ақсу қаласы Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінің жанындағы Ертіс өзенінде 2005 жылы туған кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.  Денесі табылған жоқ, жасөспірімнің денесін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде.