Талғарда үш жасар қызды көлік қағып кетті

Талғарда үш жасар қыз көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлады zakon.kz.

«Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 24 жастағы жүргізушісі батыс бағыттан Қашқари көшесі бойымен келіп, тұрғын үй ауласына кіргенде 2018 жылғы кішкентай қызды қағып кетті», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Оқиға орнына жетіп, мән-жайға қаныққан учаскелік полиция қызметкері жәбірленушіні әкесімен бірге ауруханаға алып кетті. Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан қыз бала ауруханада көз жұмды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.