Семейде «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысты

Семей қаласында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін Семейдегі Селевин – Титов көшелерінің қиылысында болған. «ВАЗ 2109» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты.

«ВАЗ 2109» көлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалған. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен азамат дәрігерлерге тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.