Павлодарда ер адам суға кетті

Павлодардағы  жағажайлардың бірінде ер адам суға кетті.

Қайғылы оқиға бүгін түс мезгілінде болды. Ол Ертіс өзенінің жылы ағымында, өзенге батып бара жатқан жас қызды құтқармақ болған. Қыз баланы жағаға лақтырып үлгерген елу тоғыз жастағы азаматтың денесі әлі табылмады. 11 жасар қыз жағажай шекарасынан ұзап кетіпті.

Жалпы шомылу маусымы басталған бір жарым айда 19 адам суға кеткен. Оның үшеуі – бала.

Темірлан Жапалбай, қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:

– 2021 жылы 3 тамыз күні 112 құтқару қызметінің телефон нөміріне баланы құтқару кезінде 1962 жылғы ер адамның су астына кеткені туралы хабар түсті. Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы өз балаларыңызға назар аударып, қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды.